Елордалықтар – 1 миллион 212 мың

0 8

Жыл басынан бері елордада 14 мың сәби дүниеге келген. Сондай-ақ соңғы 6 айда 13 мыңнан астам адам бас қалаға қоныстанған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір бас қалада әйелдердің үлесі 52 пайыз болса, ерлер 48 пайызды құрайды. Бұл ретте былтыр елордаға 672 адам көшіп келсе, 1400-ден астам тұрғын шетелге кеткен. Ал биыл 749-ы көшіп кетсе, шетелден 315 адам келіп отыр.

ТМД мемлекеттеріне көшіп кету үлесі 72 пайызды құраса, көшіп келушілердің үлесі – 48 пайыз. Елордаға көшіп келушілердің басым көпшілігі Ресей Федерация­сынан, Өзбекстаннан, Қыр­ғызстаннан, алыс шетелдер ішінде Қытайдан, Түркиядан және Моңғолиядан болып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =