Елордалық зиялылар Елбасын құттықтады

0 42

Еліміздің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болуымен құттықтады. «Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында берілген бұл мәртебелі атақ сіздің әлемді бейбіт өмірге бастаған өміршең бастамаларыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің жемісі.
Себебі сіздің ядролық қарусыз­дану ісіне қосқан және қосып келе жатқан үлесіңіз ұшан-теңіз. Семей сынақ полигонын жауып, атом қаруынан бас тарту туралы тарихи шешіміңіздің нәтижесінде әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке сүбелі үлес қос­тыңыз.
Қазақстанның 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабуы адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға салынған алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды.
Сіздің еңбегіңіз бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікке деген ортақ ұстанымы мен сарабдал саясаттың символына айналды.
Сондықтан өзіңіздің әлем тыныштығына қосқан үлесіңізді мақтан ете отырып, жаңа мәртебелі атақ алғаныңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ та баянды ғұмыр, ел игілігілі мен мемлекетіміздің өркендеуі жолындағы еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!» деп жазылған құттықтау хатта.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × one =