«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық жүзгіштер ерледі

0 171

Атырау қаласында жүзу спортынан «Көңілді дельфин» республикалық жарысының бірінші кезеңі өтті. Бұл жарыста Астана қаласының №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жасөспірім спортшылары командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

 Жарыстың бірінші күні қыздар мен ұлдардың бірлес­кен эстафетасында Астана жүзушілері жеңіске жетті, ұлдар арасындағы 200 метрге кешенді жүзу, 50 және 100 метрге брасс жарысында Әрсен Қожахметов үш алтын медаль жеңіп алды. Ұлдар арасындағы эстафета бәсекесінде де астаналықтар чемпион атанды. Құрамында Жәнібек Мәжит, Мәди Әшімбаев, Александр Журбин, Әрсен Қожахметов, Марина Дементьева, Даниэла Гершевич, Даяна Кокумбаева және Аяулым Жанұзақ сынды жасөспірім жүзушілері бар елордалықтарға ешкім жете алмады. Сондай-ақ астаналық балғын жүзушілер жеті күміс, төрт қола медаль жеңіп алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды