Елордалық студенттер топ жарды

0 31

Назарбаев Университетінің студенттерінен құрылған iGEM Қазақстан командасы Халық­аралық генетикалық инженерлік машина (iGEM) байқауында алтын медаль жеңіп алды.

NU_Building

iGEM байқауы  – синтетикалық биология саласы бойынша жыл сайынғы халықаралық ауқымды іс-шара. Оған жоғары оқу орындарының студенттері, түлектері және жоғары сынып оқушылары қатысады. Жыл сайын 6000-ға жуық студент жаз мезгілін iGEM-ге арнайды, ал күзде әлемдік қауымдастыққа оң үлес қоса алатын жобаларын ұсыну үшін Бостонда жиналады. АҚШ, Канада, Чили, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Мысыр, Болгария, Мексика, Бразилия, Германия, Франция және Австралия биылғы жылы қатысушы елдердің қатарында болды.

iGEM Қазақстан тобы – бұл жарысқа 2013 жылдан бастап қатыса бастаған Орталық Азия­дағы жалғыз топ. Сегіз жыл ішінде екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

iGEM Қазақстан командасы Wetlab, Drylab және Human Practices сияқты жобаны әзірлеудегі рөлдер мен жауапкершіліктерге сәйкес ішкі бөлімдерге бөлінген. Команда мүшелері – SEDS және NU SSH бакалавриат студенттері. Жобаны NU SEDS ассоциативті профессор, доктор Энрико Марсили, химия инженериясы және материалтану кафедрасының ғылыми қызметкері, доктор Кайоде Олифе және НУ түлегі, қазіргі таңда Мюнхендегі Людвиг Максимилиан университетінің магистрант студенті Дәулет Айтымбаев басқарады.

Топ Қазақстанның эндемикалық флорасы мен фаунасына қауіпті мұнай төгілулеріне қарсы әрекет етудің қауіпсіз әдісін әзірлеумен айналысуда. Мұнда шикі мұнайды биоремедиациялаудың жаңа агенті – «Remi, du et!» жобасын әзірлеу арқылы осы мәселенің шешімін табуға арналған.

Қазіргі уақытта топ Pseudomonas aeruginosa үлгі штамы бойынша қажетті экспериментті аяқтап, кейбір қазақстандық компаниялармен бірге жұмыс жасау үшін негіз құрылуда. Келесі жылы топ жасанды түрде жасалған бактериялардың биоөңдеуін өнеркәсіптік масштабқа шығаруды жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 11 =