«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық штаб құрылды

0 14

Президенттің республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты Нұр-Сұлтан қалалық штабы құрылды.

DSC_8911

Бұл бастаманы «АРЕАЛ» ақпараттық қоры» қоғамдық қоры ұсынды. Штабтың құрылуына қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар мен елордалық қоғамдық кеңес мүшелері қолдау білдірді. Қаладағы қоғамдық және этномәдени бірлестіктер, кәсіподақ және жастар ұйымдары, кәсіпкерлер палатасы және басқа да ұйымдар осы штабтың құрамына кіруге келісім берді.

Штабтың төрағасы болып Зұлфухар Гаипов сайланды. Штаб ақпараттық талдау және заң тобынан тұрады. Олар конституциялық реформаның барлық нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Яғни елорда тұрғындарымен кездесіп, мазмұнын жеткізеді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды