«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық полицейлермен кездесті

0 16

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті.

18b6d04d17284c9e928297f3e4744197

Сенатор кездесу барысында қалалық Полиция департаментінің қызметімен және материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Депутатқа ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру аясында енгізілген фронт-кеңсенің жұмысы көрсетілді. Сондай-ақ елордадағы қылмыс ахуалы мен полицияның қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шаралары туралы хабардар етілді.

Андрей Лукин өз кезегінде Сенаттағы заң шығару жұмыстары туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол қызметкерлерді Парламент қабылдаған «Дербес деректермен алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң туралы жан-жақты әңгімеледі. «Осы Келісімді ратификациялау қатысушы елдердің уәкілетті органдары арқылы субъект туралы дербес деректерді сұратуға немесе алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Келісім аясында құжатты заңдастырмай немесе растаудың өзге де түрінде қабылдау мүмкіндігі көзделіп отыр. Әрине, бұл норма мен Келісім ТМД елдерінің жеке деректер саласындағы ақпаратпен алмасу бойынша тиімді ынтымақтастығына ықпал етеді, олар іс жүргізуде қажет болуы мүмкін» деді ол.

Сенатор Лукин сонымен қатар елордалық полицейлермен ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін талқылады. Халық қалаулысы Мемлекет басшысының Конституциялық сотты құру, сондай-ақ Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығын беру туралы тапсырмасына ерекше назар аударды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды