Елордалық полицейлер марапатталды

0 268

Бүгін ­- Қазақстан полициясы күні. Осыған орай Есіл ауданының әкімі Сәбила Мұстафина Есіл ауданы Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

KBB_4900

Қазақстан полициясының тарихы тереңде жатыр. 1992 жылдың 22 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет «Ішкі істер органдары» туралы заңға қол қойған болатын.  Халықтың тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті қадағалауда полицияның қоғамдағы орны ерекше екені ескеріліп, 2007 жылы Президент жарлығымен 23 маусым – «Қазақстан полициясы күні» болып ресми бекітілді. Ал 2015 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Елбасы Жергілікті полиция қызметін құру туралы заңға қол қойған еді. Міне, содан бері жергілікті атқарушы органмен тығыз жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігіне барынша қорған болып келеді.

­- Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізді халық біледі. Өйткені, әр адамның қауіпсіздігі мен өміріне жауаптылық танытатын  сіздерсіздер. Бүгін кәсіби мереке қарсаңында жергілікті полиция қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын. Өз саласының нағыз мамандарына  тек денсаулық, жақсылық тілеймін, деді Есіл ауданының әкімі Сәбила Мұстафина.

KBB_4876

Ол Есіл аудандық жергілікті полиция қызметінің 14 қызметкеріне алғысхат табыстап, екі теледидар сыйға тартты. Олардың қатарында  бөлім бастығы  Бақдәулет Сахов,  полиция майоры Ринат Жанғылбаев, аға инспекторлар Азамат Оспанов, Әл-Фараби Жорабеков, инспекторлар Нұрдәулет Пернешов, учаскелік полиция инспекторлары Айдос Момбиев, Бейбіт Асқарұлы, Абзал Қасибек, Нұрлан Молдабеков, Айбек Тыныбаев, Берік Бейсенов, Айнұр Даниярбекова, Аида Айдарқызы, Ақмарал Тәжмағамбетовалар бар.

­«Бүгін бізді арнайы қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтаған аудан басшысына алғыс айтамыз. Әрине, ішкі істер органдарында қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Егер өз кәсібіңді біліп, жаныңдай жақсы көрсең, жетістікке қиындықсыз жетуге болады» дейді полиция инспекторы Ақмарал Байниетова.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + fourteen =