Елордалық оқушылар ерледі

0 8

Елордалық шәкірттер пәндер бойынша республикалық олимпиадада 68 жүлдеге қол жеткізді.26-27 сәуір күндері еліміздің бүкіл аймағында бір мезгілде мектеп оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикалық олимпиада – оқылатын пәнге деген қызығушылықты арттыруға, дарынды оқушыларды анықтауға септігін тигізетін, өз білімі мен қабілеттерін тексеруге және өз-өзін сыни бағалауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылардың көрсеткіші.
Елордалық оқушылар үшін республикалық олимпиада сәтті аяқталды. Бұл – ең бірінші «Астана дарыны» орталығының олимпиаданың әр кезеңінен кейін өткізген оқу-жаттығу жиындарындағы жүйелі дайындығының нәтижесі. Мұндай игі іс елордалықтардың шешуші кезеңде сәтті өнер көрсетуіне ықпал еткені сөзсіз.
Жас олимпиадашылар елорда қоржынын 68 жүлделі орынмен толықтырып, жоғары білім деңгейін дәлелдеді, биылғы жүлде қорымыз­да 11 алтын, 24 күміс және 33 қола медаль бар.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері – №3 МГ, №6 Г, №9 «Зерде», №17 МГ, №22 МГ, №46 МГ, №48 МЛ, №60 МЛ, №66 МЛ, №82 «Дарын» Л, №87 МГ, БИЛ (ұл), «NURORDA» МЛ, Экономикалық лицей, «Spectrum» ЖМ, «Столичная школа №1 елордалық мектеп» білім мекемелерінің оқушылары.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 11 =