Елордалық оқушылар ерледі

0 21

Республикалық ғылыми жобалар байқауында елордалық оқушылар І орынға ие болды.

 Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен конкурстың қорытындысында Нұр-Сұлтан қаласының жас зерттеушілері ұсынған 35 ғылыми жобаның ішінен 23 жұмыс республикалық қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Атап айтқанда, 6 жоба Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен, 5 жоба ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен, 12 жоба ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының байқау қорытындысы мен сапалы рейтингісі бойынша бірінші орын алған елордалық команданың сапында мынадай білім орындары бар: І орын – №65 МГ, №66 МЛ, Білім-инновация лицейі (ұлдар), №82 «Дарын» лицейі., №87 МЛ, ІІ орын – №3 МГ, №4 МГ, №9 «Зерде», №68 МГ, №87 МГ, ІІІ орын – №5 Г, №9 «Зерде» (2), №32 МГ, №37 МЛ, №50 МЛ, №51 МГ №64 МЛ (2), №74 МГ, №82 «Дарын» Л, Білім-инновация лицейі (қыздар).

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =