ЕЛОРДАЛЫҚ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

0 73

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметов Астана қаласының бірқатар нысандарын аралап көрді. Жұмыс сапары барысында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов Үкімет басшысына Мемлекет басшысының елорданы дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.

Үкімет басшысы «Астана-Опера» атты мемлекеттік опера және балет театрында болды. Сондай-ақ, Қазақ­стан Рес­публикасы Тұңғыш Президентінің қоры мен кітап­ханасы ғимаратының құрылысымен танысты. Әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостердің сызбасы бойынша салынып жатқан бұл нысанның құрылыс жұмыстары бүгінде 40 пайызға атқарылған.

Еркежан СӘТІМБЕК, Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =