Елордалық көкпаршылар – ел үздігі

0 23

Тараз қаласында көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Нұр-Сұлтан қаласының командасы бірінші лигада ел чемпионы атанды.Еліміздің барлық өңірінен үздік көкпаршылар қатысқан жарыста біздің шабандоздар 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де айқын басымдықпен жеңіске жетті. 30 наурызда Маңғыстау облысының спортшыларымен өткен ойында спортшыларымыз 6:3 есебімен ұтса, келесі күні Ақтөбе облысы көкпаршыларымен болған кездесу 8:2 есебімен біздің жігіттердің пайдасына шешілді.
Шымкент қаласының көкпаршыларын да 10:2 есебімен ойсырата жеңді. Ал 4 сәуір күні құраманың кезекті қарсыласы Павлодар қаласының құрамасы ойыннан бас тартып, жеңіс біздің спортшылардың еншісінде қалды. Ақтық сында Қарағанды облысын 7:2 есебімен ұтып, елорда көкпар құрамасы бірінші лига чемпиондары атанды.
Елорда командасының сапында Қазбек Амангелдинов, Нұрболат Қартқожақ, Асқар Оңғарбаев, Азамат Хасенов, Абай Ережеп, Жақсылық Амалбеков, Елдос Тілебалдиев, Мейіржан Мәтжан, Владимир Киль, Алижан Қаттабосынов, Арслан Қабжанов, Елжас Есенгелді сынды шабандоздар өнер көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =