«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық кәсіпорындар – «Алтын сапа» жеңімпаздары

0 187

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен әкімдікте апталық аппарат жиналысының кезекті отырысы өтті. Онда қала көшелерін жарықтандыру, жылыту маусымының барысы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерді қардан тазалау мәселелері талқыға салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Әкімдік аппаратының кезекті кеңесін ашқан Әсет Исекешев Астананың «Алтын сапа» Президент сыйлығының иегері атанғанын жеткізді.
«Индустрияландыру күні аясында Астана бизнесті жүргізудің оңайлығы рейтингінде өңірлер арасында алғашқы жеңімпаз атанып, Мемлекет басшысының «Ең үздік бизнес орта «Хан Тәңірі» атты арнайы сыйлығына ие болды. Астаналық екі кәсіпорын – «Медикер-ПМ» мен «School Bus» серіктестіктері «Алтын сапа» байқауының жеңімпазы атанды. Тағы екі кәсіпорын ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арнайы сыйлығымен марапатталды. Атап айтсақ, бұл зертханалық диагностика бойынша медициналық қызмет көрсететін «Мырза-хан» мен «Астана-Технадзор» компаниялары» деді елорда әкімі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды