Елордалық хоккейшілер – чемпион

0 56

Нұр-Сұлтан қаласында 6-10 мамыр күндері 2004 жылы туған балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті.«Барыс» спорт кешенінде өткен жарысқа Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемен қалаларынан алты команда қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласының «Астана-1» командасы қарсылас шақ келтірмей ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Екінші орын да – елордалықтар еншісінде. «Барыс 2005» командасы чемпионаттың күміс жүлдесін жеңіп алса, үшінші орынды Өскемен қаласының «Торпедо» командасы иеленді.
Бұл астаналық жас хоккейшілердің ел чемпионатындағы жетінші жеңісі болды.
«Бұл ойындар ел чемпионатының шешуші кезеңі болатын. Біздің команда топ жарып, жетінші рет чемпион атанып отыр. Бұл рекордтық көрсеткіш десек те болады. Жалпы команданың ойынына көңілім толады. Балалар өздерін көрсете білді, дегенмен бұдан да жоғары деңгейдегі ойын көргім келеді. Алдағы жоспар маусымды қорытындылап, жастар құрамасы арасындағы ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсету» деп атап өтті елордалық команданың бапкері Асқар Майжолов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − 8 =