©2020 Астана Ақшамы
Елордалар ендігі
ПАРИЖ. Жексенбі күні Франциядағы католик эпископтары он мыңнан астам ереуілшілермен тізе қосып, наразылық таныту үшін Париж көшелеріне шықты. Ватикан радиосының хабарлауынша, наразылық манифесті елдегі гомосексуалдық некені заңдастыру және біржынысты отбасылардың жетімдер үйінен бала асырап алуына жол беретін шешімдеріне байланысты болған. Шеруге шыққандардың үндеуі Франция астанасы архиепархиясының сайтында жарияланды. Католиктер қол қойған бұл құжат аталған жайтқа жол беріліп отырған заңды қабылдатпай тастау мақсатында Париж қаласының мэрі мен сенаторларға да жолданды.
ВАШИНГТОН. АҚШ Президенті Барак Обаманың алдағы болмақ инаугурациясына дайындық өткізілді. Дәстүр бойынша, мемлекет басшысының қызметке кірісу салтанаты Капитолий төбесінде өтеді. Ол үшін қазірдің өзінде арнайы тұғыр орнатылған. Инаугурация алдындағы дайындық барысында АҚШ астанасы орталығымен әскери музыкалық оркестр марш жасап өтті. Соған орай, Ақ үй мен АҚШ Конргесіне таяу көшелердің бәрі уақытша жабылды. 21 қаңтар күні Капитолий төбесінде ант қабылдау рәсімі өткеннен кейін дәл осы жолдармен АҚШ Президенті Барак Обаманың кортежі Ақ үйге қарай бет алатын болады.
ТУНИС. Кеше Тунисте 2011 жылғы «14 қаңтар» төңкерісінің екі жылдығы атап өтілді. Бұл оқиға бертінде «араб көктемі» деп аталған Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы саяси процестердің басы болған еді. Атап айтқанда, 2011 жылдың 14 қаңтары күні 23 жасар Зин аль-Абидин бен Али Тунисте болған қысымдардан Сауд Арабия-сына қашып барған. Кешегі мерекелеу барысында, Тунис көшелері ұлттық нақышта безендіріліп, туға көмкерілді. Елде түрлі ресми және спорттық, мәдени шаралар орын алды.
Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ