Елордалар ендігі

0 78

Астана. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есептік кездесулерін өткізудің мерзімділігі белгіленді» деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. ҚР Үкіметіне жұртшылықпен есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету жүктелді.

Москва. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Сочиде өткен кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирді тамашалады. Биыл турнирге  Ресей, Қазақстан, Украина, Латвия, Болгария, Австрия, Венесуэла, АҚШ және Оңтүстік Африка Республикасының спортшылары қатысты. Командалық жарыста Ресей әлем құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті. Жолдастық кездесулерде Қазақстан мен Ресей командаларында екі жеңістен бар, бір жеңісті украиналық самбошы қанжығасына байлады.

Ашхабад. Түрікменстан Президенті Ғұрбанқұлы Бердімұхамедов өзі басқаратын Демократиялық партия құрамынан шығатыны туралы жариялады. «Ел президенті көппартиялылық жағдайында өзі қатарында болатын партияға артықшылық жасамау үшін ешқандай партияға мүше болуға тиісті емес» деп мәлімдеді Бердімұхамедов.

Пекин. ҚХР-дың оңтүстік аймақтарындағы құрғақшылық 13 миллионға жуық адамды ауыз сусыз қалдырды. Аптап ыстықтың қайталануы, жауын-шашынның болмауы Аньхой, Хунань, Гуйчжоу, Цзянси, Хубэй және Чжэцзян провинцияларының шаруашылықтарына орасан зиян келтірді. 900 мың гектар алқаптың егістігі күйіп кетті. Құрғақшылықтан келген экономикалық залал шамамен 6,5 млрд. долларға бағаланып отыр.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =