Елордалар ендігі

0 75

Астана. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Хамза Рухи Каберегпен кездесті. Келіссөздер барысында екі елдің құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Иранның әскери оқу орындарында мамандар дайындау мәселелері талқыланды.

Тбилиси. Грузияның премьері Бидзина Иванишвили жақында «Грузин арманы» коалициясының атынан президенттікке үміткер кандидат ретінде ұсынылған Грузияның Білім және ғылым министрі Георгий Маргвелашвилиді ресми түрде таныстырды. Грузиядағы перзидент сайлауы 27 қазанға белгіленген. Үміткерлерді ресми түрде тіркеу қыркүйектің 7-сінде басталады.

Баку. Әзірбайжанда Құранның көне қолжазбаларын сақтайтын ғимарат тұрғызылады. Бұл жайында Қап тауы мұсылмандары басқармасының жетекшісі Аллаһшүкір Паша-заде хабарлады.

Токио. Жапония экономикасы болжанған деңгейден баяу өсіп келеді. Биылдың екінші тоқсанында Жапонияның жалпы ішкі өнімі 0,6 пайызға өсті. Жылдық есептеу бойынша бұл өсім 2,6 пайызды құрап отыр, алайда сарапшылар аталған көрсеткіш 3,6 пайызға жетеді деп болжаған еді.Бірінші тоқсанда жапондық экономика 4,1 пайызға өскен болатын.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 17 =