Елордалар ендігі. 23-24 қыркүйек

0 130

 

ПАРИЖ.

Франция полицейлері «Air France» рейсіндегі жолаушылардан Каракастан Парижге алып өтпек болған 30 шабаданға салынған 1 тоннадан артық есірткіні тәркіледі.Тәркіленген кокаиннің құны – 200 миллион.

 

 

 

ДЕЛИ.

Үндістандағы Нагпур қаласының тұрғыны Джиоти Амге ресми түрде әлемдегі ең кішкентай әйел деп танылды. 19 жастағы Амгеның бойының ұзындығы – 62,6 сантиметр. Ол Гиннесс рекордтар кітабына енді.

 

 

ВАШИНГТОН

. Федералды тергеу бюросы АҚШ-тың ең қауіпті қаласын анықтады. Бұл – 3 миллионға жуық тұрғыны бар Чикаго.
Дәл осы Чикагода ең көп қылмыс жасалатын көрінеді. Қаладағы адам өлімі күннен-күнге өсуде. 2011 жылы бұл қалада 431 адам өлімі тіркелсе, 2012 жылы аталған қылмыс саны 515-ке жетіп отыр.й

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 8 =