Елордалар ендігі. 13-14 қараша

0 127

АСТАНА. Бүгінгі күні елде небары жүз жиырма төрт жаяу жүргіншілер жолы салыныпты. Олардың тең жартысы Астана мен Алматы қалаларында көрінеді.
Әлі күнге Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары орталығында бірде-бір жаяу жүргіншілер жолы салынбаған. Сонымен қатар Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Петропавл және Павлодар қалаларындағы жаяу жүргіншілер жолдарының жайы сын көтермейді. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

 

 

БЕРН. Әлемдегі аса ірі қызғыл сары гауһар тас Женевада бәссауда үйінде сейсенбі күні 29 млн швейцария франкіне (31,5 млн доллар) сатылды.Сауда басталғанға дейін мамандар гауһар тасты 16-19 млн швейцария франкіне (17,5-20 млн доллар) бағалаған болатын. Ұйымдастырушыларға сауда-саттық үшін төленетін соманы қоса алғанда, бағалы тастың құны 35,5 млн долларды құрады.

 

 

 

 

ХАРАРЕ. Африка құрылығындағы Зимбабве елінде жақын арада ислам банкі ашылады.
Ислам банкі – әлемнің 50 шақты елінде өз базасын қалыптастырған ұйым. Олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Сингапур, Сауд Арабиясы, Германия, Қытай және Малайзия секілді экономикасы өркендеген елдер де бар.
Зимбабведегі мұсылмандар саны халықтың тек бір-ақ пайызын құрайды.

 

 

 

БРЮССЕЛЬ. Еурокомиссия, ЕО Кеңесі және Еуропарламент екі жылдық келіс­сөздерден кейін 2014 жылға арналған Еуроодақ бюджетінің жобасы бойынша ортақ келісімге келді. Оның деңгейі 135,5 миллиард еуро болады.
Еуроодақ бюджеті ЕО алғаш рет 2013 жылмен салыстырғанда бірден 9,4%-ға қысқарды. Бұл барлық бағытта жүргізіліп отырған бюджеттік тәртіп саясатымен байланысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × four =