Елордалар ендігі

0 120

АСТАНА. «Кәсіпқор» холдингі Ұлыбритания мен Австралиядан келген шетелдік серіктестерімен кездесіп, Астана мен Алматы қалаларында әлемдік дәрежедегі құрылыс колледждерін салу жөніндегі мәселені талқылады. 2015 жылға жоспарланған оқу орындарында «Туризм және қонақ үй ісі», «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы», «Энергетика», «Инженерлік», «Дизайн» мамандықтары ашылмақ.

 

ДЖАКАРТА. Индонезияда губернатордың бастамасымен маймылдарды қолға үйрету­шілерге қарсы ауқымды іс-шаралар өткізіле бастады. Қолға үйретушілер жануарларды аяусыз пайдаланып, оларды зорықтыратын көрінеді. Осыған байланысты 21 маймыл қатаң бақылауға алынды.
Билік 2014 жылдың басына қарай көшелерді үйретілген жануарлардан тазартпақшы.

 

ТБИЛИСИ. «Грузин арманы» атынан түскен үміткер Георгий Маргвелашвили Грузиядағы президент сайлауында 83 мың 888 дауыс (немесе 63,82 пайыз) жинады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша дауыс беруге 1 млн 648 мың
662 адам қатысқан. Грузияда сайлау алдында 3 млн 537 мың 719 дауыс беруші тіркелген.

 

ВАШИНГТОН. АҚШ-та 5 мыңға жуық адам Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің тың­шылығына қарсы наразылық шарасын өткізді.
Ереуілшілер америкалықтарға қатысты астыртын әрекеттерін доғарып, арнаулы қызметтің осы саладағы мүмкіндіктерін шектейтін заң қабылдауды талап етуде. Бұл шара конгресс қабылдаған патриоттық актінің 12 жылдығына орай өтті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =