Елордаға Sinopharm екпесі әкелінді

0 16

Нұр-Сұлтан қаласының дәрі қоймаларына 7400 доза қытайлық Sinopharm екпесі келіп түсті.Бүгіннен бастап екпе медициналық ұйымдарда сатылады. Мұндай жаңалықты онлайн-брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жария етті. Құзырлы мекеме өкілі кімнің қандай екпені таңдаса да ерікті түрде шешім қабылдайтынын жеткізді. Ол бас қалада індетке қарсы егетін 100-ден астам нүктелердің жұмыс істейтінін айтты. Демек, елорда тұрғындары үш екпе: қазақстандық QazVac, ресейлік «Спутник V» және Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық Sinopharm Hayat-Vax екпесінің біреуін өзі таңдап, салдыра алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + five =