Елордаға қосымша 350 мың маска жеткізілді

0 12

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілері мен дистрибьюторларының өкілдерімен кездесті. Қала әкімдігі «Фармация» СК-мен бірлесіп, дистрибьютормен қосымша бетперде жабдықтарын жеткізу мәселесін талқылады.

«Біздің ең маңызды міндетіміз – үлкен желілерді маска және антисептиктермен қамтамасыз ету. Бүгін, 16 наурызда 350 мыңнан астам маскалардың кезекті партиясы келді, біз антисептиктерді де қойдық. Біз бұл жұмысты дәріхана СК-мен бірлесіп ұзақ мерзімді жүйелік негізде жүргізетін боламыз. Өкінішке қарай, дәрі-дәрмек құралдарына сұраныстың артуына байланысты нарықтың жосықсыз қатысушылары бағаны көтере бастады. Енді бізге ұйымшылдықпен үйлесімді түрде жұмыс істеу керек. Біріккен күш-жігермен ғана біз бұл қиын кезеңді еңсереміз» деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. Айта кету керек, дәріханалар 5 маскадан артық бермейді.
Маскалар Биосфера, Саламат Z, Иммуно Плюс, Старый лекарь, UDM – KZ, Феникс, Базикова, Жеке дәріхана 99, Фармаком, МФК Астана Гиппократ, Жәрдем компаниясы, Астана Оник, Алсун Астана, Айдамед, Максимафарма, Исакова A.A, Өркенфарма, Стофарм, Еврофарм дәріханалар желісіне жеткізілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды