Елордаға локдаун енгізіледі

0 55

Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл аймаққа» енгенін ескере отырып, жексенбі күні, яғни 21 наурызда елордаға локдаун енгізіледі.

Жексенбіде СОО, СҮ, СО (оларда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген объек­тілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды өткізетін объектілер, жабық спорт объек­тілері, ХҚО, «Қазпошта» АҚ секілді мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Сондай-ақ дезинфекция­лық жұмыстар жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.
Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың («сары аймақ» критерийлері қолданылатын «Ashyq» қанатқақты жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) жұмысына тыйым салынады.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Өткен мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт көбейді. Осыған байланысты қосымша карантиндік шектеу­лері бар қаулы 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Індеттің өршуіне жол бермеу керек. Медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлеріне шамадан тыс жүктеме болмас үшін қатаң санитарлық нормалар сақталуы қажет, яғни бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек» деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
С.Бейсенова 18 наурыздан бастап қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты қысқаратынын атап өтті.
Сонымен қатар, 18 наурыз­дан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 6 =