«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордаға ең жаңа «Боинг» қонды

0 237

Қазақстанға «SCAT» әуекомпаниясының ең жаңа «Боинг 737 МАХ 8» ұшақтар сериясының алғашқысы келіп қонды. Ал кеше жаңа әуе кемесі Шымкенттен Астанаға алғашқы рейсін орындады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында лайнерді Үкімет және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің басшылары, Қазақстан авиация саласының басшылығы, Парламент депутаттары мен елшіліктердің қызметкерлері қарсы алды.
– Елдің авиациялық паркі белсенді түрде жаңартылып, заманауи және технологиялық лайнерлермен толығу үстінде. Ал «Боинг 737 МАХ 8» әуе кемесіне қол жеткізу «SCAT» әуекомпаниясы үшін ғана емес, Қазақстанның авиация саласы үшін де орны бөлек оқиға, – дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.
Мамандардың айтуынша, салонына 186 жолаушыны еркін сыйдыратын жаңа ұшақ 840 шақырымдық крейсерлік жылдамдықпен Қазақстаннан Еуропа, Азия аймақтарына 6500 км қашықтықты еш қонбастан бағындыруға қауқарлы екен.

Нұрдәулет КӘКІШТЕГІ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды