Елордаға 23 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

0 37

«Елордаға Covid-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің тағы бір партиясы жеткізілді.«Кеше кеште бас қалаға 23 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жүк гуманитарлық көмекке жатпайды. Дәрілерді дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алды. Оларға дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін айналым қаражатын бөліп, тасымалдауға көмек көрсетіп жатырмыз. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Дәрі-дәрмектер жүк ұшағымен (Үндістаннан) және жүк көліктерімен жеткізілген. «Апта басында 30 тоннадан астам дәрі әкелінді. Бүгін және ертең қалаға тағы 22 тоннадан астам дәрі жеткізіледі. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргіземіз» деп түсіндірді қала басшысы.
Дәріхана жүйелерiнің дистрибьюторлары елордаға әкелген дәрі-дәрмектердің қатарында ксарелто, ингавирин, клексан, парацетамол, тромбо АСС, азитромицин, анаферон, сумамед, лидокаин, кардиомагнил, цефтриаксон, эргоферон және тағы басқалары бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × three =