Елордадан Жидебайға аттанды

0 24

Кеше елордалықтар Абайдың 175 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан – Жидебай» веложорығына қатысушыларды шығарып салды.

Бас қаланың төріндегі Абай ескерткіші жанынан жолға шыққан азаматтарға жиналған жұртшылық сәттілік тілеп, шығарып салды. Веложорыққа белгілі журналист, ағылшын тілінің оқытушысы ­Ернат Мэлсұлы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Жасұлан Үкеев және әріптесіміз, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Дәулетқали Асауов аттанып кетті.
Велошабандоздар Жидебайға дейін 1000 шақырымдық жол жүріп өтетін болады. Ұлы ақынның рухына арналған веложорыққа қатысушыларды сәттілік тілеп, шығарып салдық.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + six =