Тәуелсіздік сарайында «Astana. Evolution» фотокөрмесі өтіп жатыр

0 141

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында қалалық Мәдениет басқармасы мен «Aray Gallery» ұйымының мұрындық болуымен «Astana. Evolution» фотокөрмесі өтіп жатыр.

2

Онда бас шаһардың әртүрлі ракурс­тан түсірілген суреттері қойылған. Оларға қарап заманауи техника мен әлемдік қауымдастықтардың қазіргі фотоөнерге ықпалын бірден байқай­сыз. Елорданы жаңа әрі көне нұсқада, төрт мезгілде, күндіз және түнде, көптеген архитектуралық стильде «шырт еткізген» фотографтардың шеберлігіне шынымен-ақ тәнті боласыз.
Көрмеге Бейбіт Әсемқұл, Маржан Әбілдина, Дархан Шаймарданов, Айбек Аханов, Айдос Есмағамбетов, Ғани Өмірбеков, Дамир Арынов, Мартин Ривази секілді танымал фотографтардың туындылары қойылған.
Шара 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 10 =