«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордадағы ең ұзын көше

ЕҢ... ЕҢ... ЕҢ...

0 838

Бас қаланың ең ұзын көшесін білгіңіз келе ме? Ол – Қабанбай батыр даңғылы. Ұзындығы – 16 шақырым.

Әр көшенің өзіндік тарихы болады. Қабанбай батыр даңғылы 2001 жылға дейін «Рождественская» деп аталған еді. Тек сол жылы Қабанбай көшесі деп ауысса, 2004 жылы Қабанбай батыр даңғылы атанды. Халқымыздың біртуар азаматының атындағы даңғыл Тұрар Рысқұлов, Керей және Жәнібек хандар, Сығанақ, Достық, Дінмұхамед Қонаев, Сарайшық, Сұлтанбек Қожанұлы, Атасу, Қорғалжын тас жолы, Қалқаман көшелерін қиып өтіп, Александр Бараев көшесінде аяқталады. Сәнді «Салтанат сарайынан» басталған даңғыл сәл ілгері ашық аспан астындағы мұражай «Атамекен» этно- мемориалды кешенмен жалғасады.
Ең алып сау да-ойын-сауық орталығы MEGA Silk Way 2017 жылы Қабанбай батыр даңғылында ашылды. Оның жалпы ауданы – 140000 шаршы метр. Сондай-ақ, имандылықтың ұйытқысы болған «Нұр Астана» мешіті, еліміздегі ең үлкен «Астана Арена» спорт кешені, «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұзайдыны секілді ғимараттарды да көре аласыз. Әлемге танылған Назарбаев университеті де дәл осы даңғылдың бойында.

Шынар МҰРАТҚЫЗЫ, Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің
2-курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды