Ел тынысыСаясат

Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астанадағы №11 қалалық емханада жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .

Іс-шара барысында медицина саласына қатысты жаңашылдықтар мен алдағы референдум мәселелері талқыланды.

Кездесуге №1 көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Ербол Сәрсенбаев, қоғам қайраткері Фарида Даримова, Қазақстан Халық партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің маманы Мағжан Молдахмет және «Ақ жол» партиясының өкілі Жанаргүл Құлмағамбетова қатысты.

Жиын барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, оның қоғам мен медицина саласына әсері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар алдағы референдумға қатысты пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін еркін білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button