«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордада – жошы хан

0 33

ҚР Мәдениет және спорт министрінің ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінің біріне Жошы ханның есімі берілді.

DSC_4470

Комиссия мүшелері бірауыздан осы тарихи маңызы бар игі бастаманы қолдады.

Жошы хан көшесі Керей, Жәнібек хандар көшесінен басталып, Ә.Кекілбай, Ф.Оңғарсынова көшелерімен қиылысады. Жошы хан – (1187-1227) Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаған танымал тұлға. Қазақ хандығының негізін қалаушы хандар – Керей мен Жәнібек хандар осы Жошы әулетінен шыққан.

Мемлекет басшысы Тоқаев Ұлытау өңіріне жасаған сапарында Алтын Орданың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау мәселесіне баса назар аударған еді. «Жошы ханның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет» деп ұлы ханның Қазақ елі тарихындағы орнын айшықтап берген болатын. Осыдан кейін елімізде Ұлық ұлыс қағанатының 750 жылдығын атап өтілген еді. Енді, міне, ұлы ханның атына бас қаладан көше берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды