Елордада жер телімі неге берілмейді?

0 99

Астанада «күйіп» тұрған  мәселенің бірі – жер. Жұртшылық  бас қаладан бір жер телімін алуға зар. Бүгінде жер кезегіне тұрғандардың саны 100 мыңға жуықтапты. Осынша адамды жермен қамтамасыз етуге кемі 80 жылдай уақыт кетеді екен.

Жер қатынастары басқармасының мәліметіне қарағанда, Астанада жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатындағы жер телімдері соңғы рет 2007 жылдың мамыр айында берілген. Телімдер тегіс заңға сәйкес, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтарға кезек бойынша үлестірілген көрінеді. Содан бері ешкімге ешқандай жер телімі берілмеген. Астанадан жер бөлу неге тоқтатылды? Бұл сауалдың жауабын жер алып, үй салғысы келетін кез келген ағайын білгісі келетіні анық.

Жер телімін берудің де өзіндік тәртібі мен заңдық нормалары бар. Телімдерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Ереже бойынша, азаматтарға берілетін жер телімдері тиісті және қажетті инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етілген, тіршілік етуге лайықталған болуы тиіс. Яғни жарығы мен суы жоқ, жолы салынбаған жерді жұртшылыққа үлестіру заңсыз болып табылады. Астанада жер алуға кезекке тұрғындардың көптігіне қарамастан телімдердің берілмей отыруы сондықтан. Қала аумағында қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын алаңдар жоқ. Сол себепті де әзірге жеке тұрғын үй салуға жер телімдері берілмейді.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 9 =