Елордада – жаңа мектептер

0 9

Соңғы жылдардағы статистикаға сүйенсек, елорда халқының саны төрт есе өсіп, 1 миллион адамнан асыпты. Ал мектеп жасындағы балалар саны 200 мыңнан асқан. Осы орайда ел астанасында мектеп құрылысына деген сұраныс жоғары.Қазіргі уақытта қалада 117 жалпы білім беретін орта мектеп болса, жаңа оқу жылында білім ордаларының қатары толықпақ. Халық тығыз орналасқан аудан мектептеріндегі үш ауысыммен оқитын жүктеме сәл жеңілдейді. Биыл 10100 оқушыға арналған 14 нысан іске қосылады дейді қалалық Білім басқармасының басшысы. Оның ішінде 8 жаңа мектеп 7000 орынға арналса, 3100 бала оқитын 6 нысан жұмыс істеп тұрған мектепке жалғап салынған.

Анықтама:
• «Мичурино» тұрғын алабында – 600 орындық мектеп;
• Т.Рысқұлов және №36, Е171 көшелерінің қиылысында – 900 орындық мектеп;
• Оқжетпес және Ш.Бөкеев көшелерінің қиылысында – 900 орындық мектеп;
• Ұлы Дала және №39 көшелерінің қиылысында – 1200 орындық мектеп;
• Тайбурыл, 17 көшесіндегі №23 мектепке қосымша құрылыс – 600 орынға.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + three =