Елорда тынысы
Елордада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2025/01/proxy-image-2-780x457.jpg)
Астанадағы Чехов көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобустың уақытша қозғалыс сызбасы өзгерді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
City Transportation Systems мәліметінше, уақытша өзгеріс №1, 6, 11, 85 автобус бағыттарына әсер етеді. Компания жолаушыларға өз бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Өзгерістер жөндеу жұмыстары аяқталғанша сақталады,- деп жазылған хабарламада.