Елордада қандай шаралар өтеді?

0 40

13 қыркүйекте елімізде Отбасы күні тойланады. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бұл күні театрлар мен мұражайлар бірқатар іс-шаралар ұсынады, ал кітапханалар мереке қарсаңында байқаулар, челлендждер мен семинарлар өткізеді. Іс-шаралар онлайн-форматпен қатар, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, офлайн да өткізіледі.

Тәуелсіздік сарайында Nur Otan партиясының қалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының қолдауымен BILIM фотокөрмесі өтеді. Онда «Ақанаевтар әулеті» көрмесі өтеді, көрмеде «Менің замандастарым» атты жанрлық портреттер топтамасы көрсетіледі, оған республиканың білім, мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы танымал қайраткерлерінің 20-дан астам сурет-портреттері қойылады. Сондай-ақ келушілер «Кеңістіктегі қозғалыс» көркем көрмесін, «Өнер қарлығаштары» балалар көрмесін және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көрмені тамашалай алады.
Қалалық мәдениет басқармасы хабарлағандай, көрмелерге кіретін адамдар саны шектеледі. Барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, оннан астам адам ғана қатыса алады. Nomad City Hall театры 13 қыркүйекте театрдың отбасылық жұптардан құралған әртістері музыкалық құттықтауларымен қала тұрғындарын қуантады. Сәкен Сейфуллин мұражайы 13 қыркүйекте әлеуметтік желілерде «Отан – отбасынан басталады» онлайн-дәрісін өткізеді. Сарапшылар отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту туралы әңгімелейді.

13 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Отбасы – бақыт мекені» атты әлеуметтік желілерде слайдтармен қатар көрме ұсынады.
М.Горький атындағы Мемлекеттік драма театры 13 қыркүйекте Данил Хомко мен Полина Харламовамен «Даня+Поля» тікелей эфирге шығады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры «Волшебные слова» онлайн-спектаклін көрсетеді.

14 қыркүйекте «Отбасы – өмір айнасы» онлайн сабақтары № 4 және 12 кітапханаларда өтеді. Бейбітшілік және Келісім сарайы 11 қыркүйекте «Отбасы күнін» өткізеді. Ниет білдірушілер «Отбасы күні мерекесінің шығу тарихы» экскурсиялық секторының танымдық сағатына барып, «Мен және менің отбасым» байқауына қатыса алады. «Туған жер» студиясының балалар хоры «Бейбіт өмір сіздерге» әнін орындайды. 28 қыркүйекте «Наз» мемлекеттік би театры әлеуметтік желіде «Время – жизнь» хореографиялық қойылымын көрсетеді.
Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында, Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасы 11 қыркүйекте Отбасы институтын нығайтуға, оның беделін арттыруға, некенің ұлттық құндылықтарын насихаттауға, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған «Бақытты отбасы – мемлекеттің негізі» форумын өткізді. 12 қыркүйекте сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығында (Әуезов, 19) тегін психологиялық және құқықтық кеңес ұйымдастырылады. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді. М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы «Бақыт тұмары – менің отбасым!» отбасылық demo-күнін өткізеді. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы «Шоқжұлдыз» марафонын бастайды. Вокал бойынша танымал тұлғалар ZOOM платформасының көмегімен ата-аналармен онлайн режимде сұхбаттасып, ән айтады. Белсенді отбасылар алғыс хаттармен марапатталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 16 =