Елордада «Мен және менің полицейім» акциясы басталды

0 181
Астанада 25 қазанда «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы басталды. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бір апта бойы мектеп және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәртіп сақшыларының жұмысымен таныстырады, олармен бірқатар қызықты әңгімелер, дәрістер, тақырыптық ойындар өткізеді. Бұдан басқа, балаларға қоғамдық орындардағы қауіпсіз тәртіптің негізгі ережелері үйретіледі.
politsiya

Бүгін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған 100-ге жуық бала Астана қ. ІІД Кинологиялық қызмет орталығында болды, сондай-ақ, елордалық Ішкі істер департаменті мұражайының экспозициясымен танысады және т.б.

Сонымен қатар, балаларға жол-патрульдік полиция полкінің қызметтік автокөліктері, жедел әрекет ететін арнайы жасақ қызметкерлерінің киімдері көрсетіледі.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 2 =