Елордада – карантин!

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 19 наурыз күні сағат 00-ден бастап карантин енгізілгенін жариялады.

0 24

Карантин кезінде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін мынадай қосымша шаралар қабылданды:


– Барлық әлеуметтік нысандарда, тұрғын үйлерде, базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, әуежайда, вокзалдарда, автобустарда және т.б. дезинфекциялау шаралары күшейтілді.
– Қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды;
– Елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде арнайы пункттер болады;
– Балабақшалар мен үйірмелер жұмыс істемейді.
– Сауда ойын-сауық орталық­тарында тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді. Мейрамханаларға онлайн жеткізу қызметіне көшу ұсынылды. Жалға алушылар мен басқа да кәсіпкерлік субъектілері үшін несие төлеу кейінге қалдырылатын болады.
– Банктерге 90 күннен кейін төлеу мерзімі өткен тұтыну несиелеріне айыппұл мен өсімпұл есептеуге тыйым салынады.
– Барлық ұйымдардың басшыларына қызметкерлердің 70%-ын қашықтықтан жұмыс жасауға немесе еңбек демалысына шығару ұсынылады. Бұл коммуналдық қызметтерге, құқық қорғау және арнайы органдарға, медицина қызметкерлеріне және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да ұйымдарға қатысты емес.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғасады. Азық-түлік жеткілікті, сондай-ақ бетперделер мен антисептиктерді сатып алу бойынша жұмысты жалғастырамыз.
Барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Тұрғындар да өзіндік тәртіпті мұқият сақтап, төтенше жағдай кезіндегі тиісті нұсқауларды орындап, үйден ретсіз шықпауы керек, сондай-ақ адам көп жиналатын жерлерге бармауы тиіс.
Біз бұл індетті темірдей тәртіппен, өзара бірлікпен ғана еңсереміз!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды