Елордада карантин тағы да күшейтіледі

0 12

Сонымен қатар профилактикалық шаралар аясында қоғамдық көліктер де жүрмей, дезинфекцияланады. Саябақ, жағалау-жағажай және басқа да халық шоғырланатын қоғамдық орындар да жабылады.
Дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Аталған нысандарға санитарлық нормаларды сақтауға қатаң талап қойылады. Ал ірі сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді. Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Сондықтан қала басшылығы «үйдегі демалыс күні» тәртібін енгізуге шешім қабылдады.

Бүгін-ертең, яғни 27-28 маусымда Нұр-­Сұлтан қаласында карантин режимі тағы да күшейтіледі. Бұл күндері тек қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =