ЕЛОРДАДА ІҢГӘЛАП ЕЛУ БӨПЕ

0 121

«Бір төл туса, бір түп жусан артық өседі» деген ұлттың қанынанбыз. Сондықтан да, демографиялық ахуалымыздың қанат жаюына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, түрлі жәрдемдер қарастырылуда. Әрбір баланың болашағына байыппен қарап, ертеңіне алаңдаймыз. Өмірге келген бүлдіршін – тәуелсіз қазақтың туын ұстаушы, тізгін иесі, тұтқасы. Есімізде болса, ғасырлар тоғысында, яғни, екі мыңыншы жыл есік қаққанда еліміздің барлық өңірінде туған ана мен балаға қаржылай сыйлық жасалған. Енді Тұңғыш Президент күні іңгәлаған сәбиге де, анасына да назар аудардық. Бұл сүйіншілі жайт алдын ала жұртшылыққа құлақтандырылған. Сонымен…

Мереке күні газет тілшілері елор­дадағы үш перзент­хананың та­­бал­­дырығын аттады. Ең алдымен, Ел­­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі барып, салтанатты жағ­­­дай­да аш­­қан №3 қалалық перзентханаға бас сұқ­тық. Жиырма жеті шара­на жарық дүниеге келіпті. Бақыт­ты аналар Валентина Золотарева, Әйгерім Үсенбаева, Ақниет Жұма­баева… деп жалғаса береді. Олар Астана қаласы денсаулық сақтау бас­қар­масы бастығының орынба­са­ры Гүлнар Төлегенованың қо­лы­нан «Тұңғыш Президент күні мерекесі» деген әдіпті жазуы бар сәби киімдері мен ескерткіш сый­лық­тар алды. «Өмірге келген ұлым екеу­міз алған алғашқы сыйдың орны – айрықша. Мен мұны міндетті түрде сақтап қоятын боламын» деп қуанышымен бөлісті жас ана Лилия Файзуллина. «Қызымның осын­­дай айтулы күні туғанына өзімді бақытты сезініп тұрмын», – деді Валентина Золотарева.

Тұңғыш Президент күні №2 қа­ла­­лық перинаталды орталықта он бес­­ нәресте, №1 перзентхана­да сегіз нәресте жарық дүние есігін ашты. Дәрігерлер бұл күні туған ұл балалардың есімінің көбісі «Нұр­­сұлтан» қойылғанын айта­ды. Жақсы ырым. Тұңғыш рет тойланған Тұңғыш Президент кү­ні өмірге келген елордадағы елу нәресте туған халқына дәл Нұр­сұлтандай қызмет етсе, онда ұлт ертеңінің жарқын болары сөзсіз!

Нұрсұлтандардың бауы берік болсын!

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 18 =