ЕЛОРДАДА ЕТ ҚЫМБАТТАДЫ

0 135

Еnergyprom.kz порталы са­­рап­­шыларының мәлі­ме­тінше, Астанада ет өнімдері қымбаттады.

012

Мәселен, биылғы жылдың шілдесінде қаладағы қой етінің келісі 1487 теңге болған. Бұл былтырғы уақытпен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары. Сондай-ақ, құс етінің де бағасы көтеріліпті. Шілде айында тауық етінің келісі 762 теңгеге сатылған. Өткен жылғы бағаға қарағанда бұл 15,3 пайызға көп. Мұнымен қоса, жартылай ысталған шұжық – 9,6 пайызға, сиырдың бауыры 6,9 пайызға қымбаттаған.
Бұдан бөлек, соңғы айда кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы жоғарылағаны байқалады. Мысалы, алдыңғы аптада бірінші сортты «Цесна» ұны «Шапағат» базарында – 97 теңгеден, «Столичный рынокта» 135 теңгеден сатылса, бүгінде сәйкесінше 120 теңге және 163 теңгеден сатылуда. Қанттың келісін бір апта бұрын «Әлем» базарынан 300 теңгеден тапсақ, бұл жолы 320 теңгеге көрдік. Ал нан, сүт және күріш бағасы әзірге тұрақты.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 13 =