Елордада – ескерткіші

0 17

Тарихымызда ұлттың ұлт болып қалуына айрықша үлес қосқан тұлғалар бар, солардың қатарында тұрған қазақтың үш ұлы биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке бабаларымызды айтуға болады. Атақты үш би көзі тірісінде жарғақ құлақтары жастыққа тимей, сыртқы, ішкі саясатқа араласып, елдіктің туын биік ұстады.

Осы үш ұлы бабамызға арналған ескерткіш астанада 2001 жылы ашылып, ол енді құлашын соза бастаған елордадағы сәулет өнерінің бір үлгісіне айналды. Сол жылдары бас қалаға келген қонақтардың алғашқы қадамы үш бидің монументіне тағзым етуден басталған еді. Ұлы билердің ескерткіші Бейбітшілік және Жақып Омаров көшелерінің қиылысында орналасқан.
Халқымыз әділдікті айтқанда ту етіп сөйлейтін, үш көрнекті биіміз жайында қабырғалы жазушы Әбіш Кекілбайұлы: «Ынтымақ бір-бірімізден мін іздеу жолымен емес, әрқайсымыздың көкейкесті мүддемізді бірдей елеп, бірдей ескеру жолымен орнайды. Төле, Қазыбек, Әйтеке есімдерінің әлі күнге ауыздан түспейтіндігі де сондықтан. Замандастарына сүйек сындырысып, жаға жыртысуды емес, бірі жең, бірі жаға, бірі іні, бірі аға болуды, өзара теңдік арқылы елдікке, елдік арқылы өзгелермен тендікке жетуі үйреткендіктерінде» деп айтыпты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =