ЕЛОРДАДА — ЕҢБЕК ЕМТИХАНЫ

0 102

Әдеттегідей көктемде елордада экологиялық айлық өткізіледі. Биыл алғашқы экологиялық сенбілікті ұйымдастыру 23 сәуірге белгіленіп отыр.  Қаланы  тазарту  жұмыстарына 80 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

общегородской субботник-20-апреля 2013г. 024

Жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік ұйымдардың, шағын және орта бизнес субъек­тілерінің өкілдері, студенттер мен оқушылар, ПИК қызметкерлері, шаһар тұрғын­дары мен қонақтары қатыспақ. Осы күні Астананың үш ауданы тұрғындарының күшімен 1000 шақты ағаш отырғызу көзделген.
Сенбілікке 300-дей арнайы техника, атап айт­қанда, жүк көліктері мен тиегіштер тартылмақ. Сонымен қатар, «Астана Зеленстрой» компания­сы мен мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары саябақтарды, гүлзарларды қоқыстан тазартып, ағаштардың басын кеседі. Экологиялық айлық барысында Астана қаласы аудандарының аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =