«Елордада елші өлтірілмек»

деп жалған қоңырау шалған азамат ұсталды

0 104

Кеше кешкілік Астана тұрғыны ерігіп отырып, «Ертең шетелдік дипломатқа қастандық  шабуыл жасалады. Қарақшылар соған дайындалуда» деп полицияға қоңырау шалған. 

Көп кешікпей қалалық Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері айдың-күннің аманында «елшіні өлтіруге дайындық жасалуда» деп бұзақылықпен елді дүрліктірген елорда тұрғынын қолға түсірді.

Қазір ұсталған  азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =