Елордада «Дельфий ойындары Астанада – 2017» гала-концерті өтті

0 98

Елордада халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне арналған «Дельфий ойындары – Астанада» атты гала-концерт өтті. Биыл бұл шара «Шығармашылық энергиясы» ұранымен ұйымдастырылды.

unnamed-11

Ұлттық Дельфий комитетінің қолдауымен өткен конкурс үш күнге жалғасты. Оған 15 аталым бойынша мыңнан аса оқушылар мен студенттер қатысты.

Жеңімпаздар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде салтанат құрған гала-концертте марапатталды. Көңілді кешке «Z» тобы, әлем және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, жеңіл атлетика бойынша Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина және басқа да белгілі адамдар қатысты.

Сонымен, үздік өнерімен ерекшеленген өрендер мынадай аталымдар бойынша жеңімпаз атанды: «Эстрадалық вокал» номинациясы – Назерке Қуанышбаева, «Халық биі» номинациясы – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Мадина Мекебаева жетекшілік ететін «Самрұқ» би мектебі, «Театр» номинациясы – «Шаңырақ» жастар театры, «Тележурналистика» номинациясы – Құралай Серікова, «Халық аспаптары: домбыра» номинациясы – Ғасырбек Хайратұлы.

– Мен мұны өте қызықты байқау деп санаймын. Өйткені конкурс біздің қаланың ең шығармашыл, талантты жеткіншектер басын қосуды мақсат етеді, – дейді «Фотография» номинациясының иегері Әйгерім Жайсанбаева.

Сонымен қатар, «Сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша «Астана» университетінің студенті Махамбет Жүнісов бәрінен үздік шықты. Ал «Заманауи би» жанрында Бағдат Мұхтаров бастаған №63 мектептің «GOLD STEP» командасына ешкім тең келмеді. Сондай-ақ, «Дабыл» медиа-клубының өкілдері «Қысқаметражды кино, видеоролик» бөлімінде ең күшті креативті видеосын ұсынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =