«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордада – әлем мергендері

0 338

Елорда төріндегі «Қазанат» ипподромында әлем садақшыларының қатысуымен мергендік бәсекесі басталып кетті. Бұл бәсеке бүгін шымылдық түретін ІІ «Алтын жебе» халықаралық турниріне жаттығу ретінде ұйымдастырылды.

Қырыққа жуық мерген жаяу тұрып нысана атудан бақ сынады. Елу метрлік қашық­тықтағы нысана атуда алматы­лық Бақтияр Тұрысбеков топ жарды. Жиыны 69 ұпай жинаған мерген бас жүлдеге тігілген 300 долларды ұтып алды. Екінші жүлде – 250 долларлық сыйлық 59 ұпай еншілеген Жамбы атудың сұрмергені, тараздық Абзал Тулыбековке бұйырды. Үшінші жүлделі орынды 150 долларды Ресей садақшысы Сергей Одиноков олжалады.
Бүгін таңертең 10.00-­ден бас­тап «Қаза­нат» ат­шабарында «Ал­тын же­бе» халықара­лық турнирі басталады. Сайыстар «Азия­­лық стиль», «Түрік стилі» және «Қазақ стилі» бойынша өтеді. Олай болса, жамбы атудың қызы­­ғын тамашалауға асы­ғыңыз­дар, қадірлі жан­күйер.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды