©2020 Астана Ақшамы
Елорда жасыл желекке оранады
Биыл Нұр-Сұлтан қаласының Жасыл белдеуі тағы 451518 көшетпен толығады. Олардың арасында қайың, қарағай, үйеңкі, қарақат және алма ағашы болады.
Ағаш отырғызу жұмыстары ауа райының жылынуымен мамыр айының басында басталды. Қазір «Астана орманы» бригадасы күніне 25 мыңнан астам көшет егіп жатыр. Климаттың ерекшелігіне байланысты жасыл белдеу көшеттері суаруды қажет етеді. Көктемде отырғызылған көшеттер биыл 12 рет, содан кейін әр маусымда 6 рет суарылады.
Бүгінгі таңда елорданың жасыл белдеуі 14827 гектар жерді құрайды. Бұл аймақта 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұта өседі.