«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда жастарының форумы

0 250

Кеше Astana-hub орталығын­да елорданың белсенді жас­тарына арналған форум өтті.

Салтанатты шарада алғашқы болып сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин қалалық әкімдік атынан астаналықтар мен қаржы саласының қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады. Қаржыгерлердің ел экономикасын дамыту мен нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өткен ол елорда әкімі Бақыт Сұлтановтың құттықтау хатын оқып берді.
«Құрметті әріптестер! Сіздерді Ұлттық валюта, теңге күнімен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ерекше мереке. Осыдан тура 25 жыл бұрын дәл осы күні ел тұрғындарының төл теңгені қолдарына ұстаған кезінде Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын шынайы сезінген едік. Бізде тек төл теңгеміз ғана емес, әлемдегі ең әдемі қағаз ақшасы пайда болды. 2011 жылы «Ең әдемі банкнот» ретінде 10 000 теңгелік, ал 2012 жылы «Ең үздік банкнот» ретінде 5 000 теңгелік қағаз ақша марапатталса, 2014 жылы 1000 теңгелік қағаз ақша «Әлемнің үздік валютасы» атанды» делінген қала басшысының құттықтау хатында.
Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары қаржы саласының үздік қызмет­керлері мен бірқатар ардагерлерін Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды