«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елорда және Елбасы

0 292

Ғасырдың ең жас астанасы атанған елорданың Алатау бауырынан Сарыарқа сауырына көш түзеуінің 20 жылдығына арналған шаралар көптеп ұйымдастырылды. Салтанатты шаралардың бірқатарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты.

Айтулы күнге орайластырылған салтанатты жиынның бірінде Қазақстан Президенті жаңа елорданың іргесін қалауға үлес қосқан азаматтар­мен кездесті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимара­тында елорданың Астана қа­ласына көшуінің 20 жылдығына арналған «Президент және Астана» атты фотокөрмені аралап көрді.
Жиналған жұрт алдында Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөй­­леп, алғашқы жылдардың естеліктерімен бөлісті.
– 1997 жылы өз Жарлығыммен Ақмоланы еліміздің ел­ордасы ретінде жариялаған едім. Мінекей, содан бері 20 жыл болды. 9 желтоқсанда түнгі сағат 00.30-да Әділбек Жақсыбековті ескі офисіме шақырдым. Оған «Сен ертең­нен бастап осы қаланың әкімі боласың» деп айттым. Осылайша, ол еліміздің жаңа астанасының тұңғыш әкімі атанды. Менің айналамда тұрғандар – бейнетінің зейнетін көріп отырған жандар. Олар менің жадымда, астаналықтардың жадында қашан да алғашқылардың бірі болып қалады. Себебі елорданың алғашқы кірпішін қалап, маңызды деген ғимараттарын тұрғызған – осы кісілер. Бұл азаматтарға қошемет көр­се­тіп, зор денсаулық пен бар игі жақсылықты тілейік, ағайын! – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы фотокөрме жұмы­сымен танысқан соң, шетелдік және отандық эс­трада жұл­­дыздарының қаты­суы­мен өт­кен концертті тамашалады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды