Елорда тынысы

0 12

ЫНТЫМАҚТАСА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаевпен кездесті.

Кездесу барысында елорданы дамытуға жеке инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы әкім өзінің инстаграм парақшасында жазды. Оның айтуынша, инвесторлар елордада Covid-19-ға ПТР-тестілер шығаратын зертхана, түрлі жұқпалы ауруларды анықтау және емдеу үшін диагностикалық орталық салу мәселелерін көтерген. Сондай-ақ Smart City жобасы аясында бірқатар бағыттарды дамыту мәселелері де талқыланған. Барлық көтерілген мәселелер қаланы дамыту бойынша алдағы жоспарға енгізілетін болады.

 

Шіркеу басшысымен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. «Дін саласы мен ынтымақтастық мәселелері Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен талқыланды. Православие шіркеуі қоғамның рухани дамуына, келісім мен бейбітшілікті нығайтуға үлесін қосып келеді. Конфессияаралық және дінаралық келісім қағидаттарын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз» деп жазды А.Көлгінов.

 

Форум кейінге шегерілді

Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін Форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын» деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =