Елорда тынысы

0 15

ХАЛЫҚТЫҢ  БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСУЫ

Азаматтық белсенділер мемлекеттік қызметкерлермен бірге жергілікті бюджетті қалыптастыруға байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы ІХ Азаматтық форумына қатысып, «Халықтың бюджетке қатысу» жобасын кеңейту мәселесін талқылады.

«Халықтың бюджетке қатысу» жобасы бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын белгілеуге халықты тартудың келешектегі тетігі болып табылады. Бұл механизм алғаш рет Сарыарқа ауданында енгізілген еді. Биыл астананың басқа да аудандарында жүзеге асыру көзделген.
«Біріншіден, біз барлық аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында арнайы бөлімдер ашуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта төрт ауданның ішінде бұл бөлім тек Сарыарқа ауданының әкімдігінде бар. Бұл жобаның қалай жүзеге асырылатыны туралы ақпарат жалпыға ортақ түсінікті тілде берілуі тиіс. Келесі кезекте жобаның тақырыптар ауқымын кеңейту керек. Яғни тұрғындарға ірі көлемдегі қаржыландыру жобаларын ұсынуға барлық мүмкіндіктер қарастырылуы қажет» деді «Социум-зерттеу» стратегиялық орталығы» ҮЕҰ төрағасы Алтынай Нұркеева.
Сондай-ақ, форумға қатысушылар жоба аясында өз ұсыныстарын білдіріп, аталмыш жобаны бірауыздан қолдады.

Қашықтан оқу жалғасады

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы «сары қауіпті аймақта» орналасуына байланысты жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып үшін, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланған жоқ. Бұл туралы қалалық Білім беру басқармасы хабарлады.

«5-сыныптардың кезекші сынып режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешілетін болады. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Мектептерде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4-сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді. Ата-аналар мен оқушыларға қосымша хабарланады» делінген ресми хабарламада.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 20 =