Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына!

0 88

Астана қаласының ауыл шаруашылық басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады. Қауіпсіздік мақсатында рұқсат етілмеген жерлерден ет, сүт өнімдерін сатып алмауға кеңес береміз.

c96cc7cb16593ea081e6c86f527

Сауда нысандарында мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде оның денсаулық үшін зиянсыз екендігіне көз жеткізу керек. Сатып алушылар ветеринарлық сертификат пен зертханалық сынақтардың қорытындысын көрсетуге міндетті.

Ет алған кезде сатушылардан малға қажетті вакциналардың жасалғандығы көрсетілетін ветеринарлық төлқұжатты немесе ветеринарлық анықтаманы талап ету керек.

Ветеринарлық дәрігерлер малды соймас бұрын оны алдымен тексереді, содан кейін зертханалық сараптаманың нәтижелері жазылған ветеринарлық анықтама береді. Малды ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, тек рұқсат етілген жерлерде ғана сою керек. Қазіргі кезде Астанада мал союға арналған үш орын бар.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × two =