Елорда түні жарық болады

0 8

Нұр-Сұлтанда көше шамдары жарамдылық мерзімі жоғары және электр энергиясын үнемдейтін заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстырылуда. «Жолдар жарық болса қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз» деп жазды шаһар басшысы А.Көлгінов өзінің instagram парақшасында.

«Аталған шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беріп, қарапайым шам­дарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ олар жолдарда, әсіресе түнгі уақытта тиімділігі жоғары және жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы. 3 жыл ішінде бүкіл қала бойынша осы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр» деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек
Қайсағалиев.
Бүгінде Сәтбаев, Қажы­мұ­қан, Тоқпанов, Шарль де Голль, Аманжолов, Иманов, Ташенов, Янушкевич, Пушкин көшелері, Бараев тұйық көшесі, Бөгенбай батыр даңғылы және басқа нысандарда көше шамдары энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыс­тырылды.
Жалпы, қалада 47 мың жарық нүктесі бар, биыл соның 10 мыңы ауыстырылады. Сонымен қатар 150 аула мен 50 қоғамдық саябақтар мен скверлер абаттандырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + sixteen =